Түркістандық полицейлер 80-нен астам шетелдікке айыппұл салды
Түркістандық полицейлер 80-нен астам шетелдікке айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қалалық полиция бөлімі көші-қон қызметкерлері ағымдағы жылдың 11-20 қазан күндері аралығында өткізіліп жатқан «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында қарқынды қызмет жасап, құқық бұзушылықтарды анықтауда.
Атап айтар болсақ «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасында Кентау қаласында 84 Өзбекстан елінің азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша айыппұл салынды. Сонымен қатар полицейлер құқық бұзушылық жасаған шетелдіктерге алдағы уақытта мұндай заң бұзушылық орын алмасы үшін тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.