Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері орманда адасып кеткен отбасылық жұпты тапты

Ақмола полицейлері орманда адасып кеткен отбасылық жұпты тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазанда сағат 23:53-те Зеренді аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Айдабол ауылының 36 жастағы тұрғынынан Сандықтау ауданының Құмдыкөл ауылында тұратын әкесі 1955 ж.т. Қайыржан Баялинді және 1954 ж.т. анасы Алтынай Баялинаны табуда көмек көрсету туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Сол күні ерлі-зайыптылар Honda маркалы автокөлігімен дала жолымен Қошқарбай ауылына жолға шыққан. Жолда қиындықтарға тап болған, яғни көлігінің дөңгелегінің желі шыққан. 66 жастағы ер адам ауылға жолды өзі табады деп ойлаған. Ерлі-зайыптылар көлікті тастап, жаяу жүруді жалғастырды. Алайда қараңғылана бастаған кезде олар жоғалғанын түсініп, ұлына қоңырау шалған. Ол өз кезегінде, полицияға қиын жағдайға тап болған ата-анасы туралы хабарлады және көмек сұрады.

Зеренді және Сандықтау аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы ерлі-зайыптыларды іздеуге бағытталған. Жоғалған азаматтар туралы білген Зеренді аудандық полиция бөлімінің Р. Маташев жергілікті ормандарда жақсы бағдары бар қорықшылармен нұсқаулық өткізді. Олар іздеу топтарына бөлініп, түні бойы полиция барлық аймақты аралап шықты.

Қарт зейнеткерлерді ұйқысыз және демалыссыз 140-тан астам адам іздеді: жүзге жуық полиция қызметкерлері, оның ішінде 6 иті бар кинолог және 25 ЖҚАЖ қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қорықшылар, ТЖБ қызметкерлері.

21 қазан күні шамамен сағат 14:00-де ерлі-зайыптылар Бәйтерек ауылынан 35 шақырым жердегі орман алқабынан табылды.

Алтынай Баялина түнде орманда өте суық болғанын айтты. Жұбайы екеуі жол іздеп шаршаған. Оның үстіне ол таяқтың көмегімен қозғалады.

А. Баялина іздеугее қатысқандардың барлығына алғысын білдірді. Үйлесімді іс-әрекеттер мен күш-жігердің арқасында ерлі-зайыптылардың өмірі мен денсаулығына ешбір қауіп төнбейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру