Шымкентте қалтасында есірткіге ұқсас зат алып жүрген тұрғын анықталды
Шымкентте қалтасында есірткіге ұқсас зат алып жүрген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қазан сағат 05:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторлары Ә.Бердібекұлы мен Р.Қадыров қызмет атқару барысында түнгі тыныштықты бұзу бойынша шақыртуға барған. Аталған мекенжайда күмән тудырған жергілікті тұрғын байқалып, тексеру барысында қалтасында есірткіге ұқсас өсімдік заты бары анықталған.
Анықталған зат тәркіленіп алынды. Азамат тиісті басқармаға жеткізілді. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі таңда аталған азаматтың қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.