Қарағанды облысында қараусыз үйді бұзып тастаған ауыл тұрғыны анықталды
Қарағанды облысында қараусыз үйді бұзып тастаған ауыл тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қазанда 66 жастағы әйел Қарағанды облысы Осакаров ауданының полиция бөліміне хабарласқан. Зейнеткер елді мекендердің бірінде жеке үйі бар екенін айтты. Ол онда уақытша тұрмағандықтан, тұрғын үйдің жағдайын тексеруге келіп тұрған. Соңғы рет келген кезде үйді біреу қопарып, қора мен қоршауды бұзғанын білген. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Полицейлер күдікті 48 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол үйді қараусыз қалған деп ойлап, бұзып тастағанын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.