Қызылорда облысында аудан тұрғыны көшеде заңсыз қару алып жүр
Қызылорда облысында аудан тұрғыны көшеде заңсыз қару алып жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс көлемінде өтіп жатқан «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 25 қазан сағат 09:00 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Әйтеке би кентінде жанармай құю бекеті тұсында 22 жастағы ауыл тұрғынының қару ұстап келе жатқанын көріп, тоқтатқан. Тексеру кезінде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, екі ұңғылы аңшы мылтығын алып келе жатқаны анықталды. Анықталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.