Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық әйел танысының үйіне ұрлыққа түсті

Қызылордалық әйел танысының үйіне ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсай полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жеке тұрғын үйдің заттарын ұрлады деген күдікпен 42 жастағы қала тұрғынын ұстады.

25 қазан күні қала тұрғыны полицейлерге жүгініп, сағат 14:30 шамасында үйлеріне ұры түсіп, 480 мың теңге ақшасын, үйдің құжаттарын, тұрмыстық техникаларын ұрлап кеткендігін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығын 600 мың теңге.

Қылмысты ашу мақсатында куәгерлерден жауап алынып, қажетті шаралар іске асырылды. Нәтижесінде, полицейлер қылмыстың “ізін суытпай” тәулік ішінде 42 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қылмыс жасаған әйел жәбірленушінің танысы болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру