Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Учаске» ЖПІШ: ШҚО-да 26 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ШҚО-да 26 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыс аумағында азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Учаске» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Тәртіп сақшылары күн сайын сауалнама парақтарын толтыра отырып көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралауда. Төлқұжат режимін тексеріп, халықпен құқық бұзушылықтардың алдын алуы бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтар жасауға бейім, іздеуде жүрген адамдарды анықтау жұмыстарын іске асыруда.

«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде көп қабатты үйлердің 218 мыңнан астам пәтерлерін, 175 мыңға жуық жеке үйлерді және 33 320 саяжай үйлерін, бес мыңнан астам шаруа қожалықтарын, қыстақтарды аралау жүргізілді, базарлар мен өзге де сауда орындарында 1569 рейд жүргізілді. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 450-ден астам адам анықталды.
Тұрғылықты жері бойынша 31 228 есепке алынған тұлға, бес мыңнан астам қолайсыз отбасы тексерілді.

14 350-ге жуық азаматтық қару иелері тексерілді. Заңсыз айналымнан тіркелмеген 27 қару тәркіленді.

Ағымдағы жылдың қазан айының ортасында Алтай ауданының ПБ-не Алтай қаласының 32 жастағы тұрғыны гаражында заңсыз қару сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамнан ИЖ-58 маркалы 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Маманның қорытындысына сәйкес қару атыс жүргізуге жарамды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтің айтуынша, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Іс-шара барысында 26 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде отбасы – тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша-830-ға жуық, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін 5 400-ден астам, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін – 2 041.
«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 01 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру