Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Украина елінің азаматы елден мәжбүрлі түрде шығарылды

Ер адам бұрынғы жұбайына маза бермей, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнаманы жүйелі түрде бұзып келген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

38 жастағы жергілікті тұрғын бұрынғы жұбайының заңсыз әрекеттеріне қатысты көмек алу үшін бірнеше рет құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.

Тексеріс нәтижелері бойынша ер адамның айыппұлдар мен қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке, оның ішінде полицияның қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Ағымдағы жылдың 15-ші қазанында Лисаков қаласының соты Украина Республикасының 35 жастағы азаматын елден шығару туралы тәртіп сақшыларының өтінішін қанағаттандырды.
Елден шығару туралы сот шешімінің орындалуын көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері өз мойнына алды. Олар қатаң ережелерді сақтай отырып, шетелдік тәртіп бұзушыны Алматы қаласының әуежайына дейін шығарып салып, елден шығуын қадағалауды қамтамасыз етті. Осылайша, 20 қазанда Лисаков қаласының полиция бөлімі қызметкерлерінің бақылауымен аталған азамат Қазақстаннан аумағынан алыстатылды.

Енді заңнамалық түрде тәртіп бұзушыға 5 жыл ішінде елге кіруге мүмкіндік жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын әйел өз қуанышын жеткізіп, көші-қон қызметінің қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен түсіністігі үшін үлкен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру