Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде полицей әйел өрттің алдын алып, 4 баланы құтқарды

Семейде полицей әйел өрттің алдын алып, төрт баланы құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік аға инспекторы жеткіншек төрт баланы өрттен құтқарды.

Оқиға 2021 жылдың 28 қазанында «Қарағайлы» тұрғын ауданындағы пәтерлердің бірінде болған. Розетканың қысқа тұйықталуы орын алып, тұрғын үй түтінге көмілген. Онда көп балалы отбасы тұрып жатқан. Өрт кезінде балалардың жанында ересектер болмаған екен. Сағат 16.30 шамасында қызметтік қажеттілік бойынша осы үйдің кіреберісінде Семей қаласы ПБ Әуезов ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік инспекторы Динара Қабышева өрт иісін сезіп, 3 қабатқа көтерілгенде балалардың жылап, көмекке шақырған дауыстарын естіген. Полиция қызметкері балаларға қауіп-қатердің төніп тұрғанын түсініп, дереу өртке қарсы қызметке қоңырау шалып, сондай-ақ жедел жәрдем бригадасын шақырған. Келіп жеткен өртке қарсы қызмет қызметкерлері есікті бұзып, пәтерден алты жас, төрт жас, екі жас, бес айлық балаларды алып шыққан. Балалардың зардап шеккені анықталмады.

 

– Электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алды. Балалардың сыртынан есікті жауып кеткен екен. Мен бірден өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырдым, – деді Динара Ғибадоллақызы.

Көпбалалы ана полицейлерге балаларын құтқарғаны үшін алғысын жаудыртты.

Жедел жәрдем бригадасының медициналық қызметкерлері де әйел полицейдің жедел жұмысын жоғары бағалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру