Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД бастығы жыл басынан бері 550 азаматты қабылдады

Жамбыл облысы ПД бастығы жыл басынан бері 550 азаматты қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықпен “кері байланыстың” тиімділігін арттыру мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов апта сайын азаматтарды қабылдау жүргізеді. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісінде xабарлады.

Ж. Сүлейменов жыл басынан бері барлығы 183 осындай қабылдау өткізіліп, 550 адам түрлі өтініш-арызымен жеке қабылдауында болғанын айтты. Сонымен қатар, барлық айтылған ұсыныстар мен шағымдар назардан тыс қалмай, әрбір өтініш заң шеңберінде жауапты тұлғалармен жан-жақты зерделенгенін, арыз иелеріне тиісті жауаптар берілгенін атап өтті.

Қабылдауға жазылу үшін 99-70-34, 99-70-31 нөмірлеріне қоңырау шалу керек немесе фейсбук әлеуметтік желісінде ПД бастығына тікелей жазуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру