“Нелегал-Кордон”: Қызылордада 390 шетел азаматы анықталды
Қызылорда қаласында “Нелегал-Кордон” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 390 шетел азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11-18 қазан аралығында “Нелегал-Кордон” жалпы республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, сондай-ақ өзара іс-қимылды жандандыру, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтау.
Заңсыз еңбек көші-қонының жолын кесу үшін рейдтік іс-шаралар өткізіліп, 390 заң бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар жеті шетел азаматы сот қаулысымен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен аластатылды.
ҚР ҚК-нің 394-бабымен Қазақстан Республикасының азаматшасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, басқарманың анықтау бөліміне жолданды.