Полициядан қашқан атыраулық жүргізушіге 7 хаттама толтырылды
Полициядан қашқан атыраулық жүргізушіге 7 хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда 27 қазан мен 5 қараша күндері аралығында “Шетел автокөліктері” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара барысында 30 қазан күні сағат 22:25 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Маденова көшесі бойынан Ресей мемлекетінде тіркеуде тұрған Ваз-2115 маркалы автокөлігін анықтады. Жүргізуші полицейлердің тоқтату туралы талабына бағынбай, қашып кеткен.
Алайда бірнеше уақыттан кейін бағыттама арқылы аталған автокөлік Жұмыскер мөлтек ауданында жол-көлік оқиғасын жасап тұрған жерінен ұсталды.
Тексеру барысында Ваз-2115 маркалы автокөлігінің жүргізушісі 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.
Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1 бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу), 230-бабының 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 599-бабының 1-бөлігімен (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту), 613-бабының 1-бөлігімен (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару), 590-бабының 7-бөлігімен (Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару), 606- бабының 1-бөлігімен (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, барлығы 233 330 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, аталған автокөлік жүргізушісінің бұған дейін де төленбеген 11 айыппұлы бар екені белгілі болып, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.