Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында заңсыз қарағаш ағашын кескендер ұсталды

Алматы облысында заңсыз қарағаш ағашын кескендер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының тәртіп сақшылары Іле ауданының аумағында қарағашты заңсыз отады деген күдікпен екі тұрғынды анықтап, ұстады.

Облыс аумағында “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғатты қорғау полициясы арнайы рейд ұйымдастырып, Іле ауданындағы Қосөзен ауылының орман шаруашылығынан заңсыз қарағаш кескен 54 және 27 жастағы екі азаматты ұстады. Қазіргі таңда келтірілген шығынның сомасы анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының аумағында браконьерлік, заңсыз балық аулау, заңсыз ағаш кесу, жер қойнауын заңсыз пайдалану және табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың басқа да фактілерін анықтау мақсатында “Браконьер” жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру