Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл қ. ПБ көші-қон қызметі бөлімінің жас қызметкері келушілердің ризашылығына бөленді

Петропавл қ. ПБ көші-қон қызметі бөлімінің жас қызметкері келушілердің ризашылығына бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Instagram желісіндегі петропавлдық пабликтердің бірінде Петропавл қ. ПБ көші-қон қызметі бөлімі қызметкері Айгерім Иамбаеваның жұмысына қатысты алғыс сөздер жарияланды.

– Көші-қон полициясының анықтама бөлімінде тұрған жас қызға ризамын. Бірнеше мәрте келдім. Келген сайын оның кәсібилігін, адамгершілігін көремін. Бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп береді, – делінген.

Суреттің астында «Жалпы, барлық қызметкерлер сыпайы», «Әрқашан көмектесуге дайын», «Жарайсың» деп басқа адамдар да алғыстарын қоса жазған. Айгерім келісімшарт бойынша тамыз айынан бастап істеп келеді.

Қысқа мерзім ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсырбаев. – Петропавл қ. ПБ көші-қон қызметі бөлімінде келісімшарт бойынша 12 инспектор жұмыс істейді. Оларға ерекше талаптар қойылады: адамдармен жақсы қарым-қатынас, сыпайылық, өзін-өзі дамыту және т.б. Ішкі істер министрлігімен сервистік қызмет көрсету алға қойылғандықтан, білікті кадрларды іріктеу маңызды.

Ермек Нұсырбаев атап өткендей, шетелдіктерді алғашқы болып көші-қон қызметі қарсы алады. Сондықтан, біздің республика туралы пікір көші-қон қызметкеріне қарап қалыптасады. Сыпайы, қойылған сұраққа тез жауап бере алатын білікті қызметкерлер бүгінгі заман талабы.

Қызметкерлердің жұмысына қатысты келіп түскен алғыстар олардың өз қызметтерін мінсіз және тиімді атқаруының белгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру