Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық жедел уәкілдер пәтер ұрысын ұстады

Көкшетаулық жедел уәкілдер пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 65 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Ер адам бұл күні белгісіз біреулер оған тиесілі пәтерден Lexus маркалы автокөліктің кілті мен ақша қаражаты бар әмиянды ұрлап әкеткенін хабарлады. Залалдың жалпы сомасы 600 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қаскүнемнің айғақтары бойынша домофон жұмыс істейтін көппәтерлі тұрғын үйге ол өзін үйдің тұрғыны ретінде таныстырып кедергісіз кірген. Ер адам ашық тұрғанына тап болғанша барлық пәтерлердің есіктерін кезекпен тартып көрген.

Есігі ашық үйге кіріп, ер адам кіреберісте қалған әмиянды ұрлап әкетті. Күдікті ұрлық жасағаннан кейін бірден джиптің кілттерінен құтылып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.
Ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтау үшін көкшетаулық жедел уәкілдер ауланы аралап, ықтимал куәгерлерден жауап алып, қылмыс жасалған үйдің жанында орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру