Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан қалалық пробация қызметінде тексеру барысында 9 сотталған ескерту алды

Түркістан қалалық пробация қызметінде тексеру барысында тоғыз сотталған ескерту алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Түркістан қалалық Пробация қызметінің қызметкерлері 175 адамды тексеріп, тоғыз құқықбұзушылықты анықтады. 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан айына жоспарланған «Учаске» жедел профилактикалық тексеру шарасы аясында Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды қабылдау жұмыстарын жүргізіп, әңгіме жүргізеді.

Аталған шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында оларды тіркелу барысында тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді.

Мұндай профилактикалық шаралар – пробация қызметініӊ есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардыӊ және қылмыстыӊ алдын алу, сондай-ақ іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау үшін ұйымдастырылып тұрады.

Сондай-ақ, шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандармен де түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Пробация қызметі өз тарапынан қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға кесілгендерді тәрбиелік жолға салып, қайта қылмыс жасауды болдырмау мақсатында жүйелі жұмыс атқаруда.

– Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – сотталушыны түзеу, өзге де қылмыстардың алдын алу, адамдардың ой-санасына оң ықпал жасап, азаматтардың қылмысқа бармауына барынша ықпал етіп, қоғамның құқықтық сауатын арттыру. Бірлескен жоспарға сәйкес пробация қызметі мен учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған адамдарды тұрғылықты мекен жайы бойынша және жұмыс орындары бойынша тексеріп, профилактикалық әңгімелесулер өткізеді. Бүгінгі күнде пробация қызметінде Түркістан қалалық Пробация қызметі бойынша 200-ден астам адам есепте тұр. Оның ішінде 175 адам тексерілді. Жаза өтеу тәртібін бұзғандар – тоғыз адам. Учаскелік полиция инспекторы атқарған жұмысы туралы есеп беріп, тұрғындар да сұрақтарын қойды. Олар өздерінің Пробация қызметінде жұмыс жасайтын инспекторларына «қанағаттанарлық» деген баға берді. Араласып, мәселелер болып жатса, бірігіп шешеді екен, – деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Мадина Жақсылықова.

Құқықбұзғандарға жазбаша ескертулер берілді. Аяғын қайта шалыс басса, бұл қоғамнан аластату жазасымен алмастырылады. Тәртіп сақшылары мен Пробация инспекторлары пробация қызметінде тіркеуде тұрғандардың құқығы мен міндеттерін айқындап, база бойынша тексереді. Қажет болса кеңес беріп, көмек көрсетеді. Оларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік те беріліп отырады. Жұмыссыздарға Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа да орналастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру