Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынының қорасынан киіктің ұшасы табылды

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынының қорасынан киіктің ұшасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 28 қазанында полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде санкцияланған тінту барысында Ырғыз ауылының 29 жастағы тұрғынының қорасынан екі киік ұшасы мен «Ваз-21015» көлік құралын тапты.

Полицейлер ер адам өз көлігімен браконьерлікпен айналысқан деп болжайды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті аңшылық пен балық аулаумен айналысатындарға жүгінеді. Табиғат ресурстарына немқұрайдылық танытпау қажет. Заңды мүлтіксіз сақтау және табиғи қорларға ұқыпты қарау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру