Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда дүкеншінің ұялы телефонын жымқырған әйел анықталды

Атырауда дүкен сатушысының ұялы телефонын жымқырған әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының «102» операторына 27 жастағы азаматша қоңырау шалып, өзі жұмыс істейтін дүкен ішінде Samsung маркалы ұялы телефоны ұрланғандығы жөнінде хабарлама берген.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында бейнебақылау камерасына ұрлық әрекеті түсіп қалған 58 жастағы әйелді анықтады.

Айғақ зат тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлімімен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру