Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда кәсіпорынның біріне ұрлыққа түскен әйел ұсталды

Теміртауда кәсіпорынның біріне ұрлыққа түскен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазанда Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінен хабарлама келіп түскен. Белгісіз біреу электрмонтердің кабинетіне кіріп, жұмысшының газ анализаторын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

27 қазанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 33 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты зат тәркіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру