Қостанайлық полицейлер «Қарасора-2021» іс-шарасын қорытындылады
Қостанайлық полицейлер «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының аумағында 2021 жылғы 1 маусымнан 30 қазанға дейін «Қарасора-2021» жедел-алдын алу операциясы өткізілді.
Кең таралған жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты құрамында есірткі бар өсімдіктердің дақылдарын жою, заңсыз өсірудің жолын кесу, есірткі транзиті, есірткіні таратуға мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтарды жою болды.
Қостанай жедел қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 187 қылмыстық құқық бұзушылықты, оның ішінде 50 өткізу фактісін, 14 сақтау фактісін, 21 контрабанда фактісін, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің 3 фактісін және 110 есірткі сатылу фактісін анықтап, тіркеді.
Операция басталғаннан бері заңсыз айналымнан 87 килограмнан астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 82 келі 650 грамм – марихуана, 4 келі 207 грамм – гашиш, 281,02 грамм – героин, 860,5 грамм – синтетикалық есірткі тәркіленді.
Аталған фактілер облыс ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және олардың бөлімшелері қызметкерлерінің өңірде есірткі және психобелсенді заттардың таралуының жолын кесу жөніндегі тиімді және кәсіби қызметін айғақтайды.
Жамбыл облысы Шу ауданындағы «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша өткен кеңес барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асылбек Альмагамбетов ҚР ІІМ министрі полиция Е. Тұрғымбаевтың грамотасымен марапатталды.