Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер “Қарасора-2021” іс-шарасын қорытындылады

Қостанайлық полицейлер “Қарасора-2021” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Қостанай облысының аумағында 2021 жылғы 1 маусымнан 30 қазанға дейін “Қарасора-2021” жедел-алдын алу операциясы өткізілді.

​Кең таралған жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты құрамында есірткі бар өсімдіктердің дақылдарын жою, заңсыз өсірудің жолын кесу, есірткі транзиті, есірткіні таратуға мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтарды жою болды.

​Қостанай жедел қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 187 қылмыстық құқық бұзушылықты, оның ішінде 50 өткізу фактісін, 14 сақтау фактісін, 21 контрабанда фактісін, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің 3 фактісін және 110 есірткі сатылу фактісін анықтап, тіркеді.

​Операция басталғаннан бері заңсыз айналымнан 87 килограмнан астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 82 келі 650 грамм – марихуана, 4 келі 207 грамм – гашиш, 281,02 грамм – героин, 860,5 грамм – синтетикалық есірткі тәркіленді.

​Аталған фактілер облыс ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және олардың бөлімшелері қызметкерлерінің өңірде есірткі және психобелсенді заттардың таралуының жолын кесу жөніндегі тиімді және кәсіби қызметін айғақтайды.

​Жамбыл облысы Шу ауданындағы “Қарасора-2021” жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша өткен кеңес барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асылбек Альмагамбетов ҚР ІІМ министрі полиция Е. Тұрғымбаевтың грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру