Қызылорда түзеу мекемесінен бір күнде екі адам бостандыққа шықты
Қызылорда түзеу мекемесінен бір күнде екі адам бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қарашада Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінен екі адам босатылды. Оның біреуі жаза мерзімін толық өтеп босатылып жатса, екіншісі сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылған.
ЗК-169/4 мекемесінің әкімшілігі "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы аясында бостандыққа шығып жатқандарға қалалық жұмыспен қамту бөлімінің мамандарымен, пробация қызметкерлерімен, мекеме дәрігері мен психологының қатысуымен кездесу ұйымдастырды.
Жобасы аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, кеңестер берді. Қажетті ақпараттар алып, сауалдарына жауап алған сотталғандар мекеме әкімшілігіне және сала мамандарына алғысын білдірді.
Босатылғандарды қақпа алдында туыстары күтіп алды.