Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддер тұрғыны ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысы Риддер тұрғыны ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ есепте тұрған қолайсыз отбасыларды бақылауды жүзеге асыру мақсатында, Риддер қ. ПБ қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс-шараларды жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың 1 қарашасында, түскі уақытта үш жасар ұлымен бірге тұратын 41 жастағы қала тұрғының үйі тексерілді.

Бұл отбасы Риддер қ. ПБ-да «қолайсыз отбасы» ретінде есепте тұрғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері олардың үй-тұрмыстық жағдайларын тексерді. Тексеру нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды: әйел мас күйінде болды, үйде суық, онымен қоса үйдің ластанып шашылып жатқан, бала әбден ашығып, үсті-басы кір болған. Сонымен қатар, үйде баланың қолайлы өмір сүруі үшін жарық, су және басқа да қажетті жағдайлар мүлдем жоқ болып шықты.

Аталған жағдайды ескере отырып, бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, одан әрі кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына ауыстыру жоспарланған.

Тәртіп сақшылары анаға қатысты, ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішпен, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға материал дайындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру