Павлодар облысында пойыз машинисі шұғыл тежеуді қолданды
Павлодар облысында пойыз машинисі шұғыл тежеуді қолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында жылдың басынан бері арнайы айыптұраққа 11 мыңнан астам иесіз қаңғыбас мал қамалып, барлық иелері жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер ауыл тұрғындарымен профилактикалық жұмысты тоқтатпайды. Осыған қарамастан, жануарларды еркін бағу жалғасуда.
– Мысалы, 2021 жылдың 2 қарашасында сағат 06.00-де «Нұр-сұлтан-Өскемен» Май ауданының «Май-Дегелен» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының машинисі шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды. Мұның себебі – темір жолда жүрген жылқылар. Полиция жылқының иесін анықтады, ол 45 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Мал иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, биыл Павлодар полицейлері 3 745 мал иесін ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.