Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ер адам екі жол белгісін ұрлап кеткен

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында ер адам екі жол белгісін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға АҚ-ның қызметкері жүгінді. Оның айтуынша, 31 қазанда “Сағашили-Темір” автожолының 2-шақырымындағы екі жол белгісі ұрланған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Мұғалжар ауданы, Сағашилі ауылының 43 жастағы тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз қылмысын мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру