Ақтөбе облысында ер адам екі жол белгісін ұрлап кеткен
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында ер адам екі жол белгісін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға АҚ-ның қызметкері жүгінді. Оның айтуынша, 31 қазанда «Сағашили-Темір» автожолының 2-шақырымындағы екі жол белгісі ұрланған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Мұғалжар ауданы, Сағашилі ауылының 43 жастағы тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз қылмысын мойындады.