Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті бақылау камерасына түсіп қалды

Атырауда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті бақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қараша күні сағат 12:22 шамасында «102» операторына 28 жастағы әйел қоңырау шалып, сол күні сағат 11:20 шамасында белгісіз адамның Момышұлы көшесінде орналасқан емхананың алдында тұрған Toyota Highlander маркалы автокөлігін заңсыз жүргізіп кеткендігі жөнінде хабарлама берген.

Аталған хабарлама бойынша Жедел басқару орталығының және патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде Toyota Highlander маркалы автокөлігі Уәлиханов көшесінің бойынан тоқтатылып, көлікті заңсыз жүргізіп кеткен 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Автокөлікті заңсыз айдап кету) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру