Алматыда ағайындылар көшеде өтіп бара жатқан адамдарды тонаған
Алматыда ағайындылар көшеде өтіп бара жатқан адамдарды тонаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 және 18 жастағы ағайындылар қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген.
– Хмельницкий көшесінің бойында олар әйелді қорқытып, сырғасын тартып алған. Жәбірленуші күдіктілердің белгілерін анық есіне сақтап алды. Бірнеше сағаттан кейін күдіктілер қамауға алынды. Олар зергерлік бұйымнан құтылып үлгерген: сырғаны сатып жіберген, ал түскен ақшаны жұмсаған. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімінің 1,3-тармағы бойынша тіркелді.
Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деп түсіндірді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.