Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ер адам бөтелкелесін пышақтап өлтірді

Ақтөбеде ішімдік ішкен таныстар арасында жанжалдан бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйінде жасалған қылмыстар, әдетте, ұқсас схема бойынша жүреді. Туыстар немесе таныстар арасында ішімдік ішкен уақытта жанжал туындайды, бұл денсаулыққа ауыр зиян келтірумен аяқталады.

Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Кеңкияқ ауылының ауруханасының қабылдау бөліміне 41 жастағы тұрғынның мәйіті жеткізілді.

Аталған факті бойынша медициналық мекемеге жедел-тергеу тобы жіберілді, олар «ізін суытпай» 33 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, қайғылы оқиға жәбірленушінің үйінің ауласында орын алған. Спирттік ішімдік ішкен таныстардың арасында жанжал туындап, соңында күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын келтірген. Қылмыс орнынан ас үй пышағы тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Мас күйінде қылмыс жасаған адамдар құқықбұзушылық жасалған кезде өз әрекеттерінің ауырлығын түсінбей жатады. Ішімдік ішкен уақыт – адамды тура жолдан тайдырады, адам агрессивті  болады және жасалған әрекеттердің ауырлығын түсінбей қалады, бірақ бұл азаматтарды жасаған қылмыстары үшін заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру