Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО патрульдік полицейлері көлік айдап әкеткен күдіктіні масаң күйінде ұстады

СҚО патрульдік полицейлері көлік айдап әкеткен күдіктіні масаң күйінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полицейлер аудан орталығы Булаевода жасалған, масаң күйде көлікті айдап әкеткен күдіктіні ұстады.

Сағат 09:00 шамасында М.Жұмабаев ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын «Mercedes» автокөлігінің айдап әкетілгені жайлы хабарласқан. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Келіп түскен жедел ақпарат бойынша, сипатталған көлік Петропавлға қарай бағыт алған. Облыстық полицияның барлық бөліністеріне бағдар жолданды. Көп кешікпей, СҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипаждарының бірінен айдап әкетілген көлік тоқтатылғаны, рөльде болған адамның медициналық куәландырудан өтіп жатқаны туралы хабарлма келген.

Патрульдеу барысында «Челябі-Новосібір» автожолының 536 шақырымында патрульдік полицейлер көлікті әрлі-бері «ирелеңдеткен» жүргізушіні тоқтатқаны белгілі болды. Жүргізушіде басқару құқығы болмаған, мінез-құлқы және шығып тұрған ішімдіктің иісі медициналық куәландыру нәтижесі оның масаң күйде екендігін растады. Ұсталған 22 жастағы М.Жұмабаев ауданының тұрғыны болып шықты. Оның айтуынша, салонында кілті қалған көлікті айдап әкетуге шешім қабылдаған. Өзінің және жол қозғалысына қатысушы өзгелердің өмірін қатерге тіккенін ойлады ма деген сұраққа жауап бере алмады.

– Қазіргі уақытта ұсталған адам масаң күйде көлік басқарғаны үшін сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – дейді СҚО ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Уәлихан Оразалин. — Атап айтқанда, басқару құқығы жоқ, спирттік ішімдік ішкеннен кейін рөльге адамдар үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігімен осындай жаза көзделген.

Автомобиль арнайы тұраққа қойылды және барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін иесіне қайтарылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру