Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші 2,6 жылға сотталды

Қызылордада жаяу жүргіншіні қағып кеткен ресейлік нөмірлі автокөліктің жүргізушісі 2,6 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қазан айының 11 күні облыс орталығының тұрғыны Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде ресейлік нөмірі бар Toyota Corona Premio маркалы автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Қызылорда қаласының №2 сотының 09.07.2021 жылғы үкімімен жүргізуші Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан және көлік құралын басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды.

Сонымен қатар, сот жәбірленуші тарапқа 9 820 190 теңге моральдық және материалдық залалды өтеуді міндеттеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру