Шымкентте ауладан балалар арбасын ұрлап кеткен түркістандық ұсталды
Шымкентте ауладан балалар арбасын ұрлап кеткен түркістандық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға “Асар” шағынауданында орналасқан мекемелердің бірінде аулада тұрған құны 50 000 теңге тұратын балалар арбасын ұрлап кеткені туралы жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ-ның Жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты №57 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Анықталған әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғы анықталуда.