Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол”: Маңғыстау облысында үш күнде 20 мас жүргізуші анықталды

Маңғыстау облысында үш күнде 20 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында Маңғыстау облысы көлемінде қарашаның 8-17 күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның алғашқы үш күнінде 2 109 құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі орын алатын құқықбұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік басқару кезінде ұялы телефон қолдану.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабына сәйкес 365 хаттама жасақталса, 591-бапқа сай 374 құқық бұзушылық анықталды. Бұл үш күнде көлік басқару құқығы жоқ көлік басқарған 22 жүргізуші ұсталып, бұрын басқару құқығынан айырылған жүргізушілер де кездесті. Облыс жолдарында тәртіп сақшыларымен мұндай 17 жүргізуші тоқтатылып, оларға ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік түрі қолданылды.

Сонымен қатар, көлікті ішкілікті күйде басқару қылмыс екендігін біле тұра 20 жүргізуші көлік құралын алкогольдік ішімдік пайдаланып басқарған, оларда соттың шешімінен кейін көлік басқару құқығынан айырылатын болады. Ал егер, бұл іс-әрекеті қайталанатын болса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын болады.

Жаяу жүргіншілер де жол қозғалысы ережелерін бұзуда, көлік басқарған жүргізушілерден кем түспей тұр. Осы үш күнде жолда тиісті жермен кесіп өтпеген 263 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Қоғамдық көліктер де бірнеше жолаушының өмірі мен денсаулығына жауапты бола тұра, жолдағы құқықбұзушылықтарға жол беріп жатады. Атап айтсақ, полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған 43 қоғамдық көлік құралын анықтады.

Үш күнде түрлі құқық бұзушылықтары үшін 92 автокөлік айыптұраққа жабылып, 100 көлік құралының мемлекеттік белгісі тәркіленді. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда мұқият әрі сақ болуға және оқыс оқиғаларға қозғалысқа қатысушылардың өздерінің себеп болмауына шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру