Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда 15 жастағы науқас дәрігердің ұялы телефонын үптеп кетті

Қарағандыда 15 жастағы жасөспірім дәрігердің ұялы телефонын үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қарашада Қарағанды ​​қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші емханалардың бірінде дәрігер болып жұмыс істейтінін айтты. Кезекті науқасты қабылдағаннан кейін жәбірленуші үстел үстінде тұрған ұялы телефонының жоғалғанын білген. Келтірілген шығын көлемі 560 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру тобының қызметкерлері күдікті 15 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру