Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында шетелдік тіркелген автомобильдерді пайдалану мәселелері бойынша call-орталық ашылды

Жамбыл облысында шетелдік тіркелген автомобильдерді пайдалану мәселелері бойынша call-орталық ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары Жамбыл облысның Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының call-орталығына хабарласып, Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерді пайдалану және тіркеу бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алады.

Сіз 8 (7262) 99-76-46 нөміріне қоңырау шалып, Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу туралы сұрақ қоя аласыз, сондай-ақ РФ-да өз автомобиліңіздің тіркеуін ІІМ-нің есептік деректері бойынша салыстырып тексере аласыз.

Азаматтарға ыңғайлы болу және шынайы ақпаратты жедел ұсыну үшін call-орталықтардың телефондары сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін қоңырауларды қабылдайды. 10 қарашадан бастап Жамбыл қаласының тұрғындарынан 10-нан астам қоңырау келіп түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру