Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың рухын еске алды

Павлодарлық полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың рухын еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін павлодарлық полицейлер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған обелиск жанында Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың рухын еске алып, құрмет көрсетті.

Рәсімге департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері мен полиция қызметкерлері қатысты.

– Қауіпті бетпе-бет кездестіріп, қылмыскерлерге қашанда бірінші болып тосқауыл қоятын тәртіп сақшылары. Осыдан 10 жыл бұрын Ғазиз Байтасов қылмыскердің жолын кесіп, барша бейбіт тұрғындардың игілігі үшін жанын қиды. Полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның қаһармандары галактикасына мәңгілікке жазылды. Ол тәртіп сақшылары арасында бірінші және жалғыз болып «Халық қаһарманы» жоғары атағын алды. Оның ерлігі өз міндетіне адал қызмет етудің және асқан батылдықтың үлгісі, – деді өз сөзінде Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Жандос Орынбаев.

Жиналғандардың әрқайсысы Ерлік пен Батылдықтың символы – Обелиск түбіне қалампыр гүлдерін қойды. Ғазиз Байтасовты бір минут үнсіздікпен еске алып, одан кейін қарулы сәлем берілді.

Ғазиз Байтасовтың есімі ұрпақтар жадында мәңгі сақталады, оның ерлігі, алыстағы жұлдыз сияқты – ешқашан өшпейді және біздің жүрегімізде мәңгі өмір сүреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру