Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда Алматы облысының үш тұрғыны ломбардтарды 4 млн теңгеге алдап кетті

Павлодарда Алматы облысының үш тұрғыны ломбардтарды 4 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен Алматы облысының үш тұрғынын анықтап, ұстады.

– Анықталғандай, жеңіл пайданы ұнататындар Павлодар қаласына 2021 жылдың қазан айында келген. Естай көшесіндегі қалалық ломбардтардың бірінде қаскүнемдер алдау және сенімге кіру жолымен алтын бұйымдардың орнына сынама салынған бижутерияларды тапсырған. Шығын сомасы 1 млн. теңгеден асты , – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2021 жылғы 5 қарашада полицияға белгісіз әйелдер алдау арқылы ақшаны иемденгені туралы ломбард директоры хабарлаған. Қысқа мерзімде күдіктілер анықталып, ұсталды.

Осылайша, айлакер алаяқтардың қолынан Павлодар қаласының бірнеше ломбардтары зардап шекті.

Полиция қазіргі уақытта әйелдер 4 ұқсас фактіге күдіктенгенін атап өтті. Залалдың жалпы сомасы 4 млн. теңгені құрады. Сондай-ақ, полиция ұсталғандардың басқа ұқсас фактілерге қатыстылығын тексеріп жатыр.

Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің бірі Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру