Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көктайғақ салдарынан екі көлік соқтығысты

Атырауда көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қараша күні сағат 11:00 шамасында Атырау-Доссор тас жолындағы дәмхана тұсында Toyota Hilux көлігі басқару жүйесін игере алмай, мұзға тайып, жол жиегінде тұрған Lada Priora автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Priora көлігінiң жолаушысы жарақат алып, Атырау облыстық ауруханаға жеткізілді.

Осы орайда, Атырау қаласы Полиция басқармасы ауа райының күрт өзгеріп, ауа температурасының төмендеуіне байланысты ескерту жасады.

– Бұл жағдайда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін негізгі қағидаларды сақтауды ұмытпаңыз. Сондықтан автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге сақ болып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен ауа райының, яғни метеорологиялық жағдайдың өзгеруі көлік жүргізуге әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек екендігін ескерткіміз келеді. Жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты, яғни дистанция сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталу маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себепші болады, – деді полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру