Степногорск қаласында есірткі «қойып кетуші» ұсталды
Степногорск қаласында есірткі «қойып кетуші» ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қарашада саяжайлар аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды жүргізу кезінде Степногорск қалалық ПБ ЖПҚБ патрульдік полиция взводының инспекторлары «Рефлекс» жедел алдын алу шарасы аясында қылмыс орнында есірткі «қойып кетуші» – Солтүстік Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Полиция жасағы оқиға орнына кезекші жедел-тергеу тобын шақырды. Куәгерлердің қатысуымен сыртқы тексеру барысында қаскүнем өз еркімен синтетикалық «тұз» есірткі заттары түйілген 10 түйіншекті анықтады.
Сонымен қатар, ер адам есірткі заттары жасырылған 10 орынды көрсетті. Сондай-ақ, жалдамалы пәтерді тінту барысында 80 грамм ұнтақ зат табылды.
Тәркіленген заттарға сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды.
Аталған факті бойынша 2-бөлімнің 296-бөлімінің (Есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.