Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте әйел пәтер аламын деп 1,4 млн теңгесіз қалды

Шымкентте әйел пәтер аламын деп 1,4 млн. теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында танысы Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасынан заңды түрде пәтер алуға көмек беремін деп алдаған. Осылайша, 1,4 млн. теңгесін алаяқтық жолмен иемденген. Сондай-ақ, жәбірленуші арада уақыт өтсе де не пәтер, не ақшасын қайтара алмағаны жөнінде жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен қала тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда әйелдің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру