Ақтөбеде мас автобус жүргізушісі 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды
Ақтөбеде мас автобус жүргізушісі жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 18 қарашасы сағат 06:15 шамасында Едіге батыр даңғылының бойында «Асату» мейрамханасына қарама-қарсы Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ЖҚЕ бұзғаны үшін 53 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ПАЗ-32054» маркалы автобусты тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің жағдайы күдік тудырды, содан кейін жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді, сараптамаға сәйкес, жүргізуші есірткілік масаң күйде болған.
Мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 53 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісіне жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті мас немесе есірткіден мас болған жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына – жолаушыларға, жаяу жүргіншілерге, басқа жүргізушілерге үлкен қауіп төндіретінін еске салады.
Егер сіз масаң немесе есірткілік мас күйінде көлік құралын басқарған жүргізушіні көрсеңіз, дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.