ШҚО-да биыл 665 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Шығыс Қазақстан облысында биыл 665 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 8-17 қараша аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік кәсіпорындарында апаттылықты төмендету, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дәрістер өткізуде.
2021 жылдың өткен кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында 665 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 112 адам қаза тапты және 893 адам жарақат алды.
Талдау көрсеткендей, ЖКО-ның негізгі түрлері көлік құралдарының соқтығысуы және жаяу жүргіншілермен соқтығысу болып табылады. ЖКО-ға әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін жиі бұзу жылдамдық режимін асыру, маневр жасау ережелерін бұзу, сондай-ақ көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүру кезектілігін сақтамауы болып табылады. Ең апатты күндер – дүйсенбі, жұма және жексенбі.
Дәрістерді өткізу барысында жүргізушілерге қауіпсіз жүргізу негіздері, оның ішінде қолайсыз ауа райы жағдайларында да жеткізілді.
Сізге қауіпсіз жол тілейміз!