Қарағанды облысында жайылымнан қой ұрлаған күдікті қолға түсті
Қарағанды облысында жайылымнан қой ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамызда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин атындағы ауылдың полиция бөліміне ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің 23 жастағы басшысы хабарласқан.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу жайылымда жүрген қойды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы (Мал ұрлығы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрланған қойды тауып алды. Белгісіз біреу ұрланған қойды кәсіпорын аумағынан 100 метр қашықтықта орналасқан қарағанға байлап кеткен. Біреу көріп қояр деп секемденген ұры осылайша жоспарын іске асыра алмаған.
15 қарашада жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкері күдіктіні ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.