Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер тұрғындардың көліктерінен 6 дана қабан мен 2 дана торайды тәркіледі

Маңғыстаулық полицейлер тұрғындардың көліктерінен алты дана қабан мен екі дана торайды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қараша 2021 жылы сағат 02:30 шамасында «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерімен Бейнеу-Ақтау бағытындағы тас жолының бойында Dodge Dakota және Mitsubishi Delica автокөліктерін тексеру барысында алты дана қабан мен екі дана торай анықталды.

Аталған факті Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру