Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

2ГИС арқылы алкоголь өнімдерін сатқан павлодарлық ұсталды

2ГИС арқылы алкоголь өнімдерін сатқан павлодарлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Азат Оразалин және Баянбек Байсұлтанов рейдтік іс-шаралар барысында алкоголь өнімін сату фактісін анықтады, оны сатушылар «2gis.kz» қосымшасы арқылы алкоголь өнімдерін сатуға рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырған.

– Осылайша, 2021 жылғы 18 қарашада сағат 22:40 шамасында Toyota маркалы автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі 0,5 литрлік бөтелке арақты Торайғыров көшесі 111/1 мекенжайына жеткізіп, сатқан. Осы бұзушылық үшін павлодарлыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция мұндай рейдтер үнемі өткізіліп тұратынын атап өтті. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында 155 адам алкоголь өнімін сату бойынша Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысудың 114 фактісі анықталды (ҚР ӘҚБК 463-бабы), бұдан басқа алкоголь ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін 7606 адам жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК 440-бабы).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру