"Браконьер" ЖААШ: ШҚО-да 600-ден астам құқықбұзушылық анықталды
Шығыс Қазақстан облысында 600-ден астам бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Браконьер" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде 411 рейдтік іс-шара өтті, оның нәтижелері бойынша табиғат қорғау заңнамасының 617 құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде:
- 426 аң аулау ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 382-бабы),
- 141 балық аулау ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы),
- 41 қаруды есепке алу, сақтау, пайдалану тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 484-бабы),
- сегіз ағаштарды заңсыз кескені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы),
- бір жасыл желектер ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы).
Сонымен қатар, 12 қылмыстық қылмыс анықталды, оның ішінде:
- төрт балық ресурстарын заңсыз өндіргені үшін (ҚР ҚК-нің 335-бабы),
- төрт ағаштарды заңсыз кескені үшін (ҚР ҚК-нің 340-бабы),
- екі заңсыз аң аулағаны үшін (ҚР ҚК-нің 337-бабы),
- бір ұрлық үшін (ҚР ҚК-нің188-бабы),
- бір қаруды заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүргені үшін (ҚР ҚК 287-бабы).