ЖОО-ға түсіріп беремін: Шымкентте алаяқ тұрғынның 600 мың теңгесін иемденіп кетті
Шымкентте алаяқ тұрғынның 600 мың теңгесін иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші бейтаныс азаматшаның сеніміне кіріп, жоғарғы оқу орнына түсіріп беремін деп алаяқтық жолмен 600 мың теңгесін иемденгенін жазып көрсеткен.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Аталған жайт бойынша Абай ауданы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, басқармаға жеткізді. Тергеу амалдары жүргізілуде.