Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының ПД​ өз қызметкерлері қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қатаң шаралар қабылдауда

Қызылорда облысының ПД​ өз қызметкерлері қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қатаң шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығымен жеке құрам арасында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде тексеру жүргізілуде.

23 қараша күні Қызылорда облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік​ басқармасымен арнайы шара​ аясында заңсыз әрекеттері үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкері ​ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ​ 366-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. ​ Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.

– Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.​ Осы қызметке тағайындалған күннен бастап өз күшімізбен және басқа да құзырлы органдармен бірлесіп ары қарай да күрес жүргізілетіндігін жеткіземін. Полицей беделіне нұқсан келтіретін қызметкерлерге біздің қатарымызда орын жоқ. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары жалғасады, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру