Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында учаскелік инспектор жоғалған сиырды иесіне қайтарды

Қостанай облысында учаскелік инспектор жоғалған сиырды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қарашада сағат 18.03-те Әулиекөл ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Әулиекөл ауылының 54 жастағы тұрғынынан шаруашылық ауласынан шығып, белгісіз бағытта кеткен қара түсті қашардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Учаскелік полиция инспекторы Темірлан Уайсов ірі қара малды іздеу бойынша шұғыл шаралар қабылдап, іздестіру шаралары барысында жарты сағат ішінде жоғалған қашар табылып, иесіне қайтарылды.

Әйел Әулиекөл ауданы ПБ басшылығына ризашылығын білдіріп, полиция қызметкерінің кәсібилігі мен лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру