Темір өзеніне екі зейнеткер батып кетті
Ақтөбе облысында Темір өзеніне екі зейнеткер батып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қарашада Темір ауданының тұрғыны Темір өзенінен адамның мәйітін тауып, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді.
Олар Кеңқияқ кентінің 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан шығарды. Туыстарына сұрастыру, жауап алу кезінде марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткені белгілі болды. Тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын өзен түбінен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің мәйітін тауып шығарды.
Егер сіз жеке қауіпсіздік ережелері мен шараларын сақтасаңыз, оқиғаларды болдырмауға болады.